Жаңа жыл қарсаңында Республикалық педагогикалық «Бала мен балабақша» журналының №12 2018 жылғы санына «Жауқазын» бөбекжайының педагог мамандарының мақалалары және бөбекжайда өткен іс-шаралардан фотокөріністері жарияланды.
Атап айтар болсақ, бөбекжай меңгерушісі А.Жұмалиеваның «Бақытты болашақтың бастауы - «Жауқазын» бөбекжайында», әдіскер А.Таңатарованың «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі», педагог- психолог Б.Тулегенованың «Отбасы мен бөбекжай арасындағы сабақтастық» тақырыбындағы мақалалары жарық көрді. Бұған қоса тәрбиеші С.Дүйсенованың «Ананың біз гүліміз!» ертеңгілігі, тәрбиеші Қ.Даришеваның «Қыс қызығы» ойын-сауығы, таным-білім саласы бойынша құрастыру ұйымдастырылған оқу қызметінен «Сиқырлы қыс», Б.Альдешованың «Коммуникация» білім саласы бойынша сөйлеуді дамыту ұйымдастырылған оқу қызметінен «Табиғатты қорғау» тақырыбында өткізілген жұмыстары басылым бетінен көрінді. Тәрбиешілеріміздің еңбектері республикалық деңгейде еленіп жатқаны біз үшін зор мәртебе.
А. ТАҢАТАРОВА,
әдіскер.