Баламен әңгімелесе білу тәрбиенің басты тәсілі

Мектеп - білім ошағы, тәрбие ортасы, тағылым табалдырығы.

Осы ұлағатты ұяда жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы рухани - адамгершілік тәрбие берудің ошағы еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның бастамасымен білім беру үдерісіне енгізілген рухани-адамгершілік тәрбиеге күш берген «Өзін-өзі тану» бағдарламасы рухани-адамгершілік тәрбиеден бастау алып, жан-жақты жетілген тұлғаны қалыптастыруды қолдайды.

Мектеп кезеңінен бастап балалар адамгершілік құндылық бағдарын, қарым-қатынас мәдениетін, өз Отаны мен туған өлкесіне, Мемлекеттік рәміздерге сүйіспеншілікпен қарауға, отбасы, түрлі ұлт тілдеріне адамгершілікпен қарауға тәрбиеленеді. Баланың танып-білуге қызығушылығын арттырады. Сабақ барысында мектепке дейінгі кезеңде балаларға ертегі, аңыз-әңгімелер, мақалдар арқылы мейірімділікке, қайырымды болуға жалпы адамзаттық құндылықтардың бастапқы түсініктері беріледі. Ал бастауыш сыныптардан бастап, «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың бағдарламалық мазмұны мен әдістемелік әдіс-тәсілдері оқушылардың жас ерекшеліктеріне, танымдық іс-әрекеттеріне қарай күрделене береді. Бастауыш сынып оқушылары сабақта мейірімділік, сезімталдық, тілектестік, ынтымақтастық дағдыларына төселеді. Оқу үрдісінде ойын әрекеттері, әңгімелесу, сергіту жатты- ғулары, рөлдік ойындар, шығармашылық- практикалық жұмыстар, жағдаяттарды талдау әдіс-тәсілдері қолданылады. Осындай жұмыстардың нәтижесінде балалар өз мінез-құлықтары мен қоршаған орта, адамдардың қылықтары мен әдеттері туралы, өз бойындағы жақсы үлгілерді жетілдіру тілектерін дамытуға ықпал етеді. Сабақтағы түрлі әдіс-тәсілдер арқылы берілген біліммен, талданған тақырып, дәйексөздер баланың өз басында жауапкершілік сезімін және өзіне-өзі талап қоя білуді, үлкендерді сыйлауға, әдептілікке, қоршаған ортаны түсінуге қамқор болуға үйренеді.

Қазіргі уақытта “Өзін - өзі тану” пәнін әртүрлі әдіс - тәсілдерді кеңінен қолдана отырып, оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін, белсенділіктерін арттыру мақсатында өткізіп жатырмын. Яғни оқушылардың ынтасын арттырып, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсете білуіне ықпал ететін әдістерді сабақтарымда жиі қолданып отырамын. Осы орайда оқушылардың жазған шығармалары, өлең жолдары, пікірлері республикалық «Дружные ребята» газеті беттерінен орын алып келеді.

Өзін-өзі тану пәні мұғалімі оқытып қана қоймайды, бағыт-бағдар береді. Өзінің ішкі жан дүниесінің шексіз әсемдігін ашуға бағыттайды. Ал оқушылар соны аша отырып, өздеріне қажетті білім мен ар-ождан дауысын ашады. Әр оқушы керемет рухани күш иесі. Жас ұрпақтың өзін - өзі дамуына жол көрсетуде мұғалімге қойылатын талап та маңызды.

Өзін-өзі тану пәні мұғалімінің заңдары баланы, сүю, баланы түсіне білу, баланы шабыттандыру.

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Ең үздік тәсіл – әңгімелесу. Адамның бойындағы руханилық пен адамгершілік туралы ой толғау керек» десе, ұлы педагог В. Сухомлинский «Мұғалім өз бойына телегей теңіз нұр жинауы керек» деген сөздердің өзінде терең философия жатқандығын көруге болады.

Осындай ұстазға тән мінез-құлық ізгілікпен ұштасып, оқушының жүрегінің төрінен орын алған жағдайда жас ұрпақты мейірімді, рухани адамгершілігі мол, жан-жағына шуақ шашқан, елжанды адам тәрбиелеп шығарарымыз сөзсіз.

Г. ӘМІРБАЕВА,

Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT