Жол ережесін білейік!

Тартымды өткен шара балалардың жол ережесін меңгеріп қана қоймай жол қауіпсіздігін сақтай білуге тәрбиелейді.

«Нұршуақ» бөбекжай бақшасының «Қарлығаш» мектеп алды дайындық тобында «Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік!» атты ойын сауық болып өтті.

Мақсаты - жол белгілерімен, жолда жүру ережелері туралы білімдерін толықтыру, іс жүзінде жүзеге асыра білуге үйрету. Жол қауіпсіздігін сақтауға, сақ болуға, көшеде өздерін дұрыс ұстап жүруге, кеңістікті бағдарлай білуге тәрбиелеу.

Топ тәрбиешісі А.Тастемирова шараны шаттық шеңберімен бастап, балалармен бірге «Жол белгілері еліне» саяхатқа аттанды. Саяхат кезінде балалар Дымбілмеспен және жол сақшысымен кездесті.

Өздерінің жол белгілері мен жол ережелері туралы білетіндіктерін көрсетіп, тақпақтарын айтып, «Бағдаршам» әнін бірлесе орындады.

Г.МАСАЛОВА,

тәрбиеші

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521