Қыс қызығы таусылмас

«Қазақстан –спортты ұлт» жобасы балабақшада жалғасты.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған «Қазақстан – спортты ұлт» жобасы аясында облыс бойынша қысқы спорт айының ашылуы өткен болатын. Бұл жобаға «Нұршуақ» бөбекжай бақшасының «Қарлығаш» мектеп алды дайындық тобының бүлдіршіндері де өз үлестерін қосты.

Тәрбиеші Гүлназ Ғаділбекқызының ұйымдастыруымен балалардың қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейтіп, қысқы ойындар мазмұнын меңгерту, бала денесін ойын арқылы қозғалысқа келтіріп, таза ауада шынықтыру. Іс –әрекетке деген қызығушылығын ойын арқылы қалыптастыру. Қыс мезгілінің сұлулығын тамашалай отырып, табиғаттың ерекшелігін сезіндіріп үйретуге негізделген «Қыс қызығы» атты ойын-сауық болып өтті.

Топқа бөлініп, бірнеше кезең бойынша сайысқа түскен бүлдіршіндер ертегі кейіпкерлерінің тапсырмаларынан сүрінбей өтіп, білімділіктерін, ептілік, зейінділіктерін көрсете білді.

Ш.КАБДРАХМАНОВА,

тәрбиеші

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521