«Жігіт сұлтаны» сайысы

«Жауқазын» бөбекжайының «Таңшолпан» тобында тәрбиешілер Даришева Қалампыр, Бикешова Айгерім, Уразалиева Айгүл апайларының ұйымдастыруымен «Жігіт сұлтаны» сайысы өткен болатын.

Сайыс 4 кезеңнен тұрды: өзін-өзі таныстыру, батырлар туралы тақпақтар айту, өз қолымен жасаған қолөнер бұйымдары және ертегілер еліне саяхат деп аталды. «Тегін білу, тектілік» дегендей, әр кезеңде сұлтандарымыз өздерін таныстырып, әрбір қатысушы елін, жерін қорғаған батыр аға-апаларымыз туралы тақпақтарын айтып, өз қолдарымен жасалған әртүрлі қолөнер бұйымдарын, түрлі ертегілер суреттері бойынша мазмұнын айтып берді. Сайыс барысында ұл балалардың тапқырлық көрсетуі және де ана тілдерін қастерлейтіндері анық көрінді.

Сайыс соңында әділқазы алқасы сайыскерлерді «Жігіт сұлтаны», «Өнерлі бала», «Білімді бала», «Тапқыр бала», «Ақылды бала», т,б номинацияларымен марапаттады.

Сәуле ЖАНҰЗАҚҚЫЗЫ, ата - ана

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT