Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінде «Қазақстан – мейрімділік мекені» атты Республикалық қайырымдылық акциясы аясында «Табиғат- алтын бесік» тақырыбында танымдық сағат болып өтті.
Оны 4 «б» сыныбының жетекшісі Ж.Бляшева ұйымдастырды. Шараның мақсаты – оқушылардың қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін оятып, түсініктерін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру болды.
Танымдық сағат сыныпқа жағымды көңіл-күй туғызу мақсатында шаттық шеңберінен бастау алды. Сынып (күн, ауа,өсімдіктер) таңдаған сөздері арқылы 3 топқа бөлініп, ұйымшылдықпен жұмыс атқарды. «Миға шабуыл» кезеңінде оқушылар «Табиғатты аялайық» туралы бейнебаян көріп, ең маңызды ақпаратты анықтап, танымдық сағаттың тақырыбын ашты.
Шығармашылық жұмыс уақытында оқушылар «Табиғатты аялайық», «Туған өлке», «Жері байдың-елі байы» тақырыптарына сурет салып, өлең шумақтарын шығарып, ой-толғау жазып, әр топ өз жұмыстарын қорғап шықты. Сонымен қатар шара барысында «Табиғат-тіршілік көзі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. А.
АЙМАҒАМБЕТОВА, Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінің тәлімгері