Жемқорлық оқушылар көзімен

Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінде 9 сынып жетекшісі Гүлбаршын Бұрханқызының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.

Бұл шараға аудандық кітапхана орталығының қызметкерлері қатысты. Сынып жетекшіміз Гүлбаршын апай сыбайлас-жемқорлық туралы қысқаша мағлұматтар беріп, бейнеролик көрсетті.

Көрсетілген бейнеролик бойынша, оқушылар өз пікірлерін ортаға салып, қандай әсер алғандарымен бөлісті. Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары мен жемқорлыққа қарсы заңдар туралы сұрақтар берілді.

Әр топ үй тапсырмасы ретінде берілген өз газеттерін таныстырып, қорғады, сыбайлас жемқорлыққа байланысты көріністер көрсетіліп, өлеңдер оқылды. Шара викториналық сұрақтар арқылы қорытындыланды.

Айкүміс АЙТЖАН,

Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің 9 сынып оқушысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз