Электрондық үкімет негіздері мектепте үйретіледі

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бастамасымен информатика пәні бағдарламасына «электрондық үкімет порталы» бөлімдері енгізіледі.

Мемлекеттік корпорацияның бұл ұсынысын ҚР Білім және ғылым министрлігі қолдап, тиісті бұйрыққа қол қойылды. Осылайша, 11-сынып оқушыларының оқу бағдарламасына қажетті өзгерістер ендіріледі. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына сәйкес, орта, техникалық және жоғары кәсіби білім беру ұйымдарында цифрлық сауаттылықты арттыру қажет. Балалар мектеп жасынан-ақ цифрлық технологиялардың тілін түсініп, түрлі электрондық жүйені қолдануды үйренуі тиіс. Осы орайда, 11-сынып оқушылары ақпараттық технологиялар мен ондағы қауіпсіздік сабақтары аясындаэлектронды үкімет порталының жұмыс істеу алгоритімін біліп, электрондық құжаттар, цифрлық қолтаңба сияқты терминдермен танысып, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу үрдісін үйрене алады.

Толығырақ газетіміздің 21 ақпандағы №8 санынан оқи аласыздар

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ баспасөз қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз