ҰБТ жылына 4 рет өткізіледі

Ұлттық бірыңғай тестілеу - ҰБТ – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны.

1) ҰБТ 11 (12) сынып оқушыларына, жоғары оқу орнының бірінші академиялық кезеңі аяқталғанға дейін күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданған адамдар және ЖОО-ның шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарында оқитын және басқа білім беру бағдарламалары топтарына ауысқысы келетін білім алушылар үшін өтініш қабылдау мерзімі 1 және 15 желтоқсан аралығы. Тестілеу мерзімі: 15-20 қаңтар аралығы.

2) Сондай-ақ 11 (12) сынып оқушыларына өтініш қабылдау уақыты 1-15 ақпан аралығы. Тестілеу мерзімі 24-29 наурыз аралығы.

3) Орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілеріне, орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне, жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне өтініш қабылдау уақыты 10 наурыз және 10 мамыр аралығы. Тестілеу мерзімі: 20 маусым және 5 шілде аралығы.

Ұлттық бірыңғай тестілеу туралы мақаланың толық нұсқасын газетіміздің №8 21 ақпандағы санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521