Жауқазын» бөбекжайында спорттық шара өтті

Өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын насихатта мақсатында «Жауқазын» бөбекжайының «Таңшолпан» ересектер тобында «Болашаққа –білімді, дені сау ұрпақ» атты интеллектуалдық эстафетасы өтті.

Сайыс түрінде өткен шараға «Сұңқар», «Барыс» командалары қатысып, алты кезеңнен тұратын сынға түсті. Олар велосипед тебу, кедергілер арасымен жүгіру, фитбол шарымен секіру, туннельдің ортасымен өту т.б кезінде ептіліктері, төзімділіктері, спортқа бейімділігі анықталды.

Сондай-ақ сандарды 1-10 дейін тура және кері орналастыру, арифметикалық мысалдардың шешуін табу, әріптерден берілген сөздерді құрастырып жазу т.б сияқты тапсырмаларды орындау барысында білім деңгейлері сараланды.

Сайыс соңында әділқазылар екі команданы да «Алғыс хатпен» марапаттады.

С.Дүйсенова,

«Жауқазын» бөбекжайының тәрбиешісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз