Жас тәртіп сақшысын анықтады

Аудандық білім бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесімен бірігіп, «Тәртіп сақшысы» байқауын ұйымдастырған болатын.

Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінде өткен байқауға А.Байтұрсынұлы, Қ.Қарашаұлы, Талдыкөл орта мектептері қатысып, өзара бақ сынасты. Әдіскер, мектеп инспекторы, ұстаздардан құрылған әділқазылар тәртіп сақшысының көмекшілерінің жұмысына өз бағасын берді. Байқау «Мен тәртіп сақшысымын», «Біз әлеуметтік желідеміз», «Біз тәртіпті әлемде өмір сүреміз» деген бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімді Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебі бастап кетті. Әр мектептен бес оқушыдан мектеп инспекторымен бірге шығып, сапта жүріп, ұранын, әнін шырқады.

s

Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінде мектеп инспекторының жас көмекшілері клубы жұмыс істейтінін, кездесу кештері өткенін баяндаса, ал А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектеп оқушысы А.Жақсылықұлы әлеуметтік парақшалары барын айтып, өткізген акцияларын суреттерімен көрсетті. Талдыкөл мектебінен Д.Серікова білім ордасында «Айбын» жас тәртіп сақшылар тобы құрылғанын, слайдтан мектеп инспекторы Е.Чуйншкалиевпен бірге өткізген шараларын, түскен суреттерімен көрсеткені көкейге қонымды болды.

s

«Біз әлеуметтік желідеміз» бөлімінде Қ.Қарашаұлы орта мектебінен Ш.Дүйсенбай «Айбын» ватсап, инстаграм 2019 жылдың 25 ақпанында ашылғанын, 130-дан астам адам тіркелгенін баяндаса, А.Байтұрсынұлы мектебінің инстаграм, ватсап әлеуметтік желілері 2020 жылдың 23 ақпанында ашылғанын, 85 жазылушысы барын білдік. Талдыкөл мектебінің де «Айбын» ватсап, инста парақшасы да 2020 жылдың 11 ақпанында ашылыпты. Әзірше 263 жазылушы бар екен. «Біз тәртіпті әлемде өмір сүреміз» атты бөлімінде көріністер көрсетілді.

Сарайшық ауылының мектеп оқушылары бұрынғы кез бен қазіргі уақыттағы мектеп өмірін суреттеп, әлімжеттік көрсету, мұғалімді балағаттаса, айыппұл төлейтінін де көрініс арқылы көрсетті. Бейбарыстық тәртіп сақшысының көмекшілері әлімжеттік жасау, ұялы телефонын тартып алу бойынша 4 жылға бас бостандығынан айырылатынын, жалған ақпарат бергені үшін 6 жылға бас бостандығынан шектелетінін де санамалады. Талдыкөлдік балалар көріністе өздері ойнап, үлкендерді сыйлау, әлімжеттік көрсету, құқық бұзушылықты көрсетті.

Байқауды аудандық білім бөлімінің әдіскері И.Алмурзина қорытындылап, балалар қауіпсіздігіне, тасымалына байланысты үш мектепке бөліп өткізіп жатқандарын, жақсы дайындықпен келгендерді де айта кетті. Мектеп инспекторы, капитан А.Елешова озық шыққан мектептерді марапаттады.

s

Жүлделі І орынды Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебі жеңіп алса, ІІ орын А.Байтұрсынұлы, ІІІ орын Талдыкөл мектебіне бұйырды.

А.Қуанышқалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521