Балалардың қол моторикасын дамытудағы ойындар

Жуырда «Нұр шуақ» балабақшасының «Ақерке» кіші тобында «Жапалақтап қар жауды» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Балаларды қағазға саусақ арқылы қардың суретін салуға үйрету арқылы қолдың бұлшық еттері мен саусақтарының ұсақ моторикасын дамыту мақсатында ұйымдастырылған сабаққа бүлдіршіндер белсенді қатысты.

Шаттық шеңберінен кейін кезек сергіту сәтіне берілді. Бұдан соң балалар бояу арқылы саусақпен сурет салып, қиындылардан аққаланың суретін құрастырды.

g

Сонымен қатар, сабақ барысында балалар қыс мезгілі және осы уақытта орын алатын табиғаттағы құбыластар туралы мағұлмат алып, бейнелі көріністерді тамашалады.

Балалардың психикасы мен бас миының дамуына елеулі әсер ететін саусақтардың ұсақ қимылдарын қалыптастыруға арналған ашық сабақтар алға қарай да жалғасын табады.

Гүлмира Қаржауова,

«Ақерке» кіші тобының тәрбиешісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз