Нашақорлықтың алдын алуға байланысты жиын өтті

Нашақорлықтан аулақ бол, жас ұрпақ!

Жалғансай орта мектебінде жас жеткіншектерімізді адам баласын аздыратын ішімдік, темекі, нашадан аулақ болуға тәрбиелеу мақсатында «Жастар арасындағы ішімдік пен нашақорлық, қылмыс және заң бұзушылықтың алдын алу мәселелері» тақырыбында кездесу өтті.

Оған аудандық аурухананың нарколог-дәрігері Б.Көшмағанбетов, мектеп инспекторы М.Сақтапов және мектеп директоры Ж.Есенғалиев қатынасты. Оқушылар мектебіміздің «Адал ұрпақ» еріктілер клубы мүшелерінің «Нашақорлық-қоғам дерті» тақырыбында дайындаған сахналық қойылымнан кейін бейнекөрсетілім тамашалады.

Ауданның нарколог-дәрігері Б.Көшмағанбетов оқушыларға нашақорлық, ішімдік, темекінің зиянды жақтарын әңгімелеп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

Мектеп инспекторы М.Сақтапов қылмыс пен жасөпірімдер арасындағы заң бұзушылықтар туралы баптармен таныстырды.

Гүлбанат Ақбейсова,

Жалғансай орта мектебінің

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT