Үздіктер ұлығыланды

2018-2019 оқу жылында аудан мектептері бойынша он бір сыныпты тәмамдап, орта білім алған 292 түлек ұядан қияға самғап, жаңа өмірге қадам басқалы отыр.

Олардың 204-і ұлттық бірыңғай тестілеу сынақтарында бақ сынап, қалаған мамандықтары бойынша білімдерін одан әрі шыңдауды алдарына мақсат етіп қойған. Аптаның алғашқы күні аудан әкімі Жәрдемғали Бахуұлы «жүзден –жүйрік, мыңнан-тұлпар» дегендей, білім бәсекесінде алдыңғы лектен көрініп, үмітттерін үкілеген он жеті түлекті қабылдады.

2

2

2

Олардың үшеуі «Ерекше аттестат, ал қалғандары «Алтын белгі» иегерлері. Жексенбі күні барша қазақстандықтар Президент сайлауына қатысып, өз таңдауларын жасағандарын, сондай-ақ, қазақ елін шет жерге танытып, көк байрағымызды желбіретіп жүрген даңқты жерлесіміз, кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің тамаша жеңісі жұртшылыққа рух бергенін айтып, аудан басшысы көршілес Қырғыз жерінде осымен он сегізінші рет қол күшін сынасудан өткен Азия чемпионатында махамбеттік Рахия Молдашева жүлдегерлер қатарынан табылып, аталмыш біріншіліктің екі дүркін чемпионы атанғаны жөніндегі сүйінші хабарды жеткізді.

Қабылдауына келген үздіктерді ұлығылаған аудан әкімі Жәрдемғали Бахуұлы мамандық таңдау жөніндегі түлектердің пікірлерін білуге де қызығушылық танытты. Түлектер атынан сөз алған Ә.Қайыржанова, Ә.Қаниевтер алға қойған өмірлік мақсаттарымен бөліссе, жас ақын А.Талғат өз өлеңін оқыды.

Н. Тельман

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521