Лагерь кеші көңілді

Мектеп бойынша патриоттық, көркем-эстетикалық, биологиялық, информатика-математикалық, ұлттық және тілдік бағытта (орыс, шет тілдері) 2 кезеңде 1-8, 9 сыныптың 180 баласы қамтылса, 9 сыныптың қалған 12 баласы волейбол, баскетбол үйірмесі бағытында аула клубтарына тартылып, оларға күніне 70 теңгенің тамағы беріледі.

Бірінші кезектегі тәртіппен жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мемлекеттік қолдауға мұқтаж отбасыларынан шыққан, көп балалы, толық емес, аз қамтылған отбасы балалары қамтылды. 1-ші кезеңде «Жайдарлы жаз келді» атты мектепішілік лагерьдің ашылу салтанаты өтіп, онда мектеп директоры Ә.Қалыбайұлы оқушыларға жазғы демалыстарын жақсы, көңілді өткізулерін тіледі.

l

l

l

l

Жиын одан әрі балалардың концерттік бағдарламасына ұласты. Күн режиміне сәйкес жетекшілер ертемен оқушыларды қарсы алып, оқушылар таңертеңгілік жаттығу жасап, сергіту билерін биледі. Апта бойына лагерь тәрбиеленушілерінің арасында балалар шығармашылығына арналған асфальтқа сурет салу сайысы, спорттық – интеллектуалдық сайыстар, көңілді старттар, рәміздер күніне арналған мәдени-танымдық шаралар, «Лагерь ханзадасы мен ханшайымы - 2019» сайысы өткізіліп, әр күнде топтар арасында «Түрлі түсті бантиктер күні», «Флешмоб күні», «Күлкі күні», «Ертегілер елінде», «Шебер онсаусақ күні» атаулы күндері ұйымдастырылды.

l

l

l

ҚР рәміздері күніне орай мектептің ауласында мектепішілік лагерьге қатысушылар Әнұранын шырқаса, лагерь жетекшілері «Тәуелсіздігімнің тірегі – ел рәміздері» атты насихаттау акциясын өткізді. Бастауыш сынып оқушылары еліміздің рәміздері туралы өз білгендерін, өлеңдерін оқыса, жоғары топ оқушылары спорт алаңына футболдан, баскетболдан жарыс ұйымдастырды. Әрбір топ өз бағыттары бойынша қалдықтардан бұйымдар жасап, сурет салып, ермексаздан мүсіндер жасап, ән үйреніп, орыс, ағылшын тілдерінде бірнеше өлең жаттады. 10 сыныптың 14 оқушысы жазғы жөндеу жұмыстарына қамтылса, әр сыныптағы жасұландықтармен «Жалындаған жас жігер» атты акция өткізді.

l

l

l

Сонымен қатар Таңдай ауылындағы «Балдәурен» сауықтыру лагерінің І кезеңіне 2 бала барса, Орал қаласындағы «Евразия» туристік лагеріне-3, Железноводск қаласындағы «Қазақстан геологы» пансионатына – 3, Италия қаласына - 1 бала бару жоспарланып отыр. Биылғы оқу жылында оқушыларды лагерьмен қамту – 100%.

Ж.Карабалина,

мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521