«Нұршуақ» бөбекжайында ересек «Қарлығаш», «Ягодка» топтарының бүлдіршіндерімен «Қош бол, сүйікті балабақшамыз!» атты ертеңгілік өтті.
Тәрбиешілер Г.Лұқпанова, Г.Есенғалиевалар ертеңгілікті ашып, балғындарды ортаға шақырды. Олар кезек-кезек балабақшамен қоштасу өлеңдерін оқып, балғын бишілер мың бұралған биімен көпті тәнті етті.
Бөбекжай меңгерушісі Н.Сапенова бүлдіршіндерге ақ жол тілеп, облыстық додада топ жарған балғындарға марапаттарын тапсырды. Топ тәрбиешілері Г.Лұқпанова, Г.Есенғалиева, А.Айдынғали, А.Назарбаева балабақша өміріне белсене араласқан ата-аналарды мадақтамалармен марапаттады. Ата-аналар да балабақша ұжымына алғыстарын жаудырды.
Белгілі кәсіпкер М.Избулов та жүрекжарды лебізін білдіріп, жас түлектерге оқу құралдарын сыйлап, бір қуантты.
С.Конысова, ата-ана