Ыстық тамақтың жайы қалай?

Еліміздегі білім ошақтарында мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз етуге айрықша мән беріліп келеді. Ыстық тамақ ішетін негізінен бастауыш сынып оқушылары мен көп балалы, аз қамтылған отбасы балалары. Балаларға берілетін ыстық тамақтың сапасы мен құнарлылығына аса мән берілуі тиіс. Өйткені, өсіп келе жатқан баланың ағзасы үшін дұрыс тамақтанудың маңызы зор.

 Баланың ағзасы үшін күн сайын 80–100 грамм — нәруыз, 100 грамм — май, 380 грамм — көмірсу керек. Нәруыз — сүт, дәнді дақылдар, ет, көмірсу — нан, са­лат, картоптың құрамында бар. Ал витаминдер, ми­нералды тұздар мен микроэлементтер шай, шырын, компот және жемістерде көп. 14-17 жастардағы ер балалардың тәуліктік тамақ рационының калориялығы — 2900 килокалория, ал қыздарда — 2600 килокалория болуы тиіс. Жас мөлшеріне байланысты баланың күнделікті тәуліктік рационында сүт, нан, қант, май, ет, көкөністер мен жемістер міндетті түрде болуы керек, ал аптаның ішіндегі берілетін тамақ құрамында балық, жұмыртқа, сыр, қаймақ пен сүзбе болғаны жөн.Мектеп оқушысы жасына қарай күніне кем дегенде 180 грамм ет жеуі керек. Сонымен қатар, сәбізді көбірек жеген дұрыс. Бұл көкөністе А витамині өте көп. А витамині көру қабілетін жақсартады.

 Аудандық білім бөлімінің бас маманы Гүлбаршын Тәжіковадан аудан бойынша барлық білім беру ұйымдарындағы 5767 оқушының 3368-і тегін ыстық тамақпен қамтылып отырғанын білдік. Оның ішінде 1-4 сыныпта 2347 оқушы, 5-11 сыныптың 1021 аз қамтылған отбасы балалары.

-2023 жылға жергілікті бюджеттен жалпы аудан бой­ынша оқушылардың тамақтануына 1-4 сыныптар үшін мың 212245,0 теңге, 5-11 сыныптар үшін 145636,0 мың теңге бөлінді. Бір балаға шаққандағы тағам құны-600 теңге. Тегін ыстық тамақпен 1-4 сынып оқушылары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына сәйкес әлеуметтік осал топ санатындағы балалар толық 100 % қамтылған.

Аудандағы барлық 15 мектеп конкурс жеңімпаздарымен, яғни жеке кәсіпкерлермен келісім шартқа отырған. Тамақ өнімдеріне сертификат­тары алынған, қызметкерлерінің арнайы киімі бар, медициналық тексеруден өткен, санитарлық кітапша алынған.

Атырау облысы білім беру басқармасының басшысы Е.Сламбековпен жаңадан бекітілген 2023 жылғы 16 қазандағы перспективалық ас мәзірін пайдалануда. Мектеп асханасында күнделікті ас мәзірі мектеп ди­ректорымен бекітіледі, -дейді. Г.Тәжікова.

Материалдық техникалық базаны нығайту мақсатында 10 мектепте Е.Ағелеуов, О.Шонаев, Қ.Қалыбеков, Қ.Ахмедияров, Есбол, Талдыкөл, Ақтоғай, Қосарал, А.Байтұрсынұлы атындағы және Қ.Қарашаұлы атындағы орта мектептерінде асхананы жаңғырту (модернизация) жұмыстары жүрген. Бұл жұмыстар алдағы жылдары қалған 5 мектепте жүзеге асырылады.

Б.СҮЙЕУОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT