Тіл-ұлт қазынасы

Қазақстан Республикасының тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында «Нұршуақ» бөбекжайында мектеп жасына дейінгі балалар арасында аудандық байқау өткізілді.

Байқауға 4 жастан 6 жас аралығындағы 16 бүлдіршін қатысты. Бұл байқауды өткізудегі мақсат – бөбекжай тәрбиеленушілерінің арасында мемлекеттік тіл туралы ұғым қалыптастырып, тілді құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады.

Байқау «Тұсаукесер», мәнерлеп оқу, бағдарлама бойынша шығармаларды кез келген жерінен айтып беру тапсырмасы, тіл туралы мақал-мәтел айту, сурет бойынша әңгіме құрастыру, диалогты сөйлеу үш тілде, мазмұнның жүйесін сақтай отырып, шағын шығармаларды айтып беру бойынша 7 кезеңнен құралды.

Білім бөлімінің әдіскері Гүлфая Хамиқызы, «Қарлығаш» бөбекжайының әдіскері Лиза Орашқызы, «Райхан гүлі» бөбекжайының орыс тілі мұғалімі Клара Сарсенғалиқызынан құралған әділқазылар алқасы әрбір сайыскердің қабілетін жан-жақты саралап, әділ шешімдерін шығарды.

Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынға «Шолпан» бөбекжайынан Аманқос Мәди, «Арай» бөбекжайынан Төлеген Айзере, «Бүлдіршін» бөбекжайынан Аменова Ұлжан, ІІ орынға «Райхан гүлі» бөбекжайынан Ғарифолла Дәурен, «Алтын-Ай» бөбекжайынан Тынышқали Шұғыла, І орынға «Алтын балық» бөбекжайынан Халық Мәди ие болса, бас жүлдені «Нұршуақ» бөбекжайының тәрбиеленушісі Галимова Зере иеленіп, облыстық сайысқа жолдама алды.

Райса МАКАРОВА ,

«Нұршуақ» бөбекжайының шет тілі пәні мұғалімі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT