Демалыс лагерьлері дайын ба?

Қызылүй орта мектебі базасында «Оқушылардың жазғы тынығу, сауықтыру және еңбекпен қамту жұмыстарын ұйымдастыруды әдістемелік қамтамасыз ету» тақырыбында аудандық семинар ұйымдастырылды.

Оған тәрбиешілер, тәрбие жөніндегі орынбасарлар, психологтер, медбикелер, саз пәні мамандары қатысты. Аудандық білім бөлімінің әдіскері И.Алмурзина демалыс лагерьлеріне 7-15 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің ата-аналарының арызы негізінде ХҚКО арқылы жіберілетінін қаперледі. «Арай демалыс лагерінде күрделі жөндеу жүргізілуіне байланысты 3 маусымнан бастап Қ.Қалыбеков, Жалғансай, Есбол орта мектептері базаларында күндізгі демалыс лагері ұйымдастырылатынын еске салды. Әр лагерьде балалар 10 күндей демалатын болады.

Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебі жанындағы «Таңшолпан» жазғы демалыс лагерінде 5 кезекте 125 бала демалса, А.Байтұрсынов атындағы орта мектеп(Чкалов) жанындағы интернат жабылуына орай, 125 баланы қамти отырып, күндізгі тамақтанатын лагерь ұйымдастырылады. Қ.Ахмедияров атындағы орта мектебінің әлеуметтік осал топтағы балалардың демалысы 11 маусым-20 шілде аралығында ұйымдастырылып,бұл лагерьде барлығы 250 бала демалатын болады.

З.Ещанова атындағы саз мектебінің жанындағы өнер бағытындағы лагерьлер 4 мектепте ашылып, ағылшын тілі бағытындағы лагерьлерде 442 оқушы тынығатын болады. Сондай-ақ О.Шонаев, Алға, Алмалы орта мектептерінде 3-15 маусымда сөзсайыс, шатырлық(Ақтоғай о/м) лагерь ұйымдастырылып, 150 бала тарту көзделуде.

 

А.Қуанышқалиева.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз