Тәрбиешілер 4К моделін талқылады

«Алтын-Ай» бөбекжайында мектепке дейінгі ұйымдарда 4К моделін жүзеге асыру бағытында семинар өтті

Жуырда «Алтын-Ай» бөбекжайында мектепке дейінгі ұйымдарда 4К моделін жүзеге асыру бағытында «Жаңартылған оқу бағдарламасы –балабақшада» атты бөбекжайішілік тәжірибелік семинар өткізілді.

Бұл семинар инновациялық технологияларды қолдана отырып, балаларды креативті сыни тұрғыда коммуникативті және командада жұмыс істеу дағдыларын дамыту мақсатын көздеді.

Семинарды бөбекжай меңгерушісі Лариса Қорғанбайқызы ашып,қатысушыларға ізденіс жолында сәттілік тіледі. Бөбекжай әдіскері А.Сәлімжанқызының «Жаңартылған бағдарлама – білім берудің жаңа мазмұны» тақырыбында баяндама жасағаны көпшілік көңілінен шықты. Шара барысында педагогтар 4К моделін кеңінен талқылап, ерекшеліктерін саралады. Педагогикалық шеберлік оқу орталығынан Жаңартылған бағдарлама бойынша курстан өткен тәрбиеші А.Дандыбаева семинарда бағдарламаның түйінді идеялары туралы айтса, МАД тобының тәрбиешісі Шынар Каримова 4К моделін енгізген панорамалық оқу қызметін, оқыту мен тәрбие оқу қызметінің циклограммасының жаңартылған бағдарлама бойынша жазу үлгісін түсіндірді. 

Ал тәрбиеші Зергүл Арыстанғалиева «Креативті педагог – креативті бала» тақырыбында қатысушылармен іскерлік ойын өткізіп, 4К моделін қалай қолдану керектігін тәжірибе жүзінде көрсеткені ойға қонымды болды. Бөбекжай психологі Жанна Ихсанова «Сыни тұрғыдан ойлау» тренингін өткізді.

Шара соңында қатысушылар бұл семинардың өзектілігін,практикалығын атап өтіп,ұйымдастырушыларға алғыс айтты.

Анар СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ,

бөбекжай әдіскері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT