Балаларды білім ордасына дайындаудың тың тәсілдері.
«Жауқазын» бөбекжай-бақшасында тәрбиешісі Күнсұлу Орынбасарова «Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің біліктілігін арттыру курс бойынша білім беру бағдарламасы» тақырыбында курсқа қатысып, педагогикалық шеберлік орталығынан білімін жетілдіріп келіп, әріптестер арасында өз ойын ортаға салып, семинар өткізді.
Семинардың мақсаты – жаңартылған бағдарламаның түйінді идеяларын таныстыру және мектепке дейінгі ұйымда тәжірибеде қолдануға үйрету. Жаңартылған бағдарламаның түйінді идеясы 4K моделі туралы түсінік берді. Семинар барысында ширату жаттығуларын жасатты. «Әр ұлттың сәлемдесуі», «Қалпақ» әдісі (сұрақ-жауап арқылы болды) 4K моделі креативтік шығармашылық, коммуникативтік қарым-қатынас, командада жұмыс істей білу ынтымақтастық, сыни ойлау бағытында бөлінеді.
Әріптестеріне жыл мезгілдеріне байланысты 4-топқа бөліп, тапсырмалар берді. 1-топқа мнемокесте, 2-топқа қимылмен түсіндіру, 3-топқа эмоция (жылап, қуанып, ашуланып, қатты, жәй айту) 4-топқа синквейн әдісі арқылы өз жұмыстарын қорғап шықты. Семинар соңында әріптестерімен кері байланыс жасап, семинардан алған әсерлерімен бөлісті.
Б.ТӨЛЕГЕНОВА,
«Жауқазын» бөбекжай-бақшасының психологі