Атыраулықтар kundelik.kz пайдаланудан көш бастап тұр

Білім беру ұйымдарының күнделікті жұмысына цифрлық өнімдерді енгізу бойынша жүйелі түрде жүргізілген жұмыстың нәтижесінде Атырау облысы республика бойынша І орынға көтерілді.

Бұл туралы Атырау облыстық Білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

tr250121

"Қыркүйек айында «Kundelik.kz» электрондық журналын ең белсенді пайдаланушылардың республикалық рейтингінде Атырау облысы мектептері 15-орында болатын. Бұл жоғары көрсеткіш – Атырау облысы Білім беру басқармасы мен облыстық Әдістемелік орталықтың үйлесімді қызметінің көрінісі. Аймақтағы 184 білім беру ұйымында электрондық журналдардың сапалы және уақытылы толтырылуын үйлестірудің өзіндік қиындықтары бар екені сөзсіз. Педагогикалық қызметте уақытты үнемдеуге мүмкіндік беретін қолданушылық шеберлік танытқан барша атыраулық ұстаздарға алғысымызды білдіреміз", - деді Атырау облыстық Әдістемелік орталығының директоры Данагүл Баймашова.

Айта кетелік, облыс бойынша 196 мектеп бар, соның 184-і пайдаланады. Қалған 12 мектеп қағаз түріндегі журнал толтырады.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз