«Сыңғырла, күміс қоңырау»

Сан мыңдаған шәкірттерді білім нәрімен сусындатып, талай түлекті ұядан қияға ұшырған Қ.Қалыбеков атындағы Сарытоғай орта мектебінде өткен «Сыңғырла, күміс қоңырау» атты салтанатты жиынға Махамбет ауылдық округінің әкімі Б.Мыңбаев және аудандық білім бөлімінің әдіскері Ғ.Қамиев, ардагер ұстаздар мен ата-аналар қатысты.

Білім ордасының жетістіктері жөнінде Қ.Қалыбеков мектебі директорының міндетін атқарушы Райса Балтабайқызы баяндады.Оның айтуынша,2018-2019 оқу жылын 291 және МАД тобындағы 43 қоса алғанда барлығы 334 білім алушымен аяқтаған. Оның ішінде оқу үздігі 47,білім сапасы 57,7 пайыз.

Махамбет ауылдық округінің әкімі Б.Мыңбаев оқушыларды құттықтап,алдағы ҰБТ-ні ойдағыдай тапсыруға тілектестік білдірді. Келесі кезекте сөз алған аудандық білім бөлімінің әдіскері Ғ.Қамиев ақжарма тілегін арнап,облыстық Білім беру басқарамасы әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Жеңіс күні» эссе байқауынан жүлделі ІІІ орын алған 6 сынып оқушысы М.Жолшиева мен «Айбын» әскери спорттық сайыста жеңімпаз 10 сынып оқушысы К.Каримованы марапаттап,арнайы дипломдарын тапсырды.

11 сынып бітіргелі отырған оқушылардың алғашқы ұстазы Нұргүл Мүтуқызы сөз алып, бүгінгі ерекше күнмен құттықтап, түлектерге толайым табыстар, сәт сапар тіледі.Осыдан тура 10,20 жыл мектеп бітірген түлектер де бүгінгі шараның ортасынан табылып, өздерінің естеліктерімен бөлісті. Көп ұзамай күміс қоңырау үні сыңғырлап, түлектердің жаңа өмір жолдарына сәт сапар тілегендей әсер қалдырды.

К.Сапарқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT