Ұстаз – биік тұлға

«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай, мұғалім - балаға жеке тұлға ретінде қарай отырып, тәрбиелі, білімді, мәдениетті бол- уына ықпалын тигізеді.

Тәлім-тәрбие беріп, баланың арман-қиялын көкке жеткізетін де осы ұстаз.Ұстазға лайық болу үшін білімді, шығармашыл болу шарт. Ол үшін біліктілігін арттырып, үнемі тынбай еңбектену қажет. Біз мектепке дейінгі мекемеде сәбилердің білімі мен тәрбие алуына кішкентай болса да өз үлесімізді қосып жүрген тәрбиешілерміз. Сол мақсатпен Ақтоғай ауылындағы «Жас дәурен» бөбекжайында «Айгөлек» алдыңғы топ бүлдіршіндерінің қатысуымен «Ұстаз-биік тұлға» атты кездесу кеші болды. Кешті ортаңғы топ тәрбиешісі Гүлвира Силыханова жүргізіп отырды. Кешке Ақтоғай орта мектебінде ұзақ жыл ұстаздық еткен зейнеткер Мағрипа Шайдоллақызы шақырылған болатын. Бөбекжай меңгерушісі Қарлығаш Құрманбайқызы шараны кіріспе сөзбен ашып берді. Кеш бүлдіршіндердің мың бұрала билеген биімен, мерекелік құттықтау өлеңдерімен жалғасты. Кештің құрметті қонағы М.Шайдоллақызына сөз кезегі беріліп, ол өзінің еңбек жолындағы қиын да қызықты сәттерін бүлдіршіндерге айтып берді. Әрі қарай «Бас қатырғыш» ойыны ұйымдастырылып, балалардың бал тілімен шырқата салған әсем әнімен кеш тартымды да қызықты өтті.

К.ЕСКАЗИЕВА,

«Жас дәурен» бөбекжайының тәрбиешісі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521