"Артына өлмейтұғын сөз қалдырған"

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында «Нұр Отан» партиясының бастамасымен ашылған «Коворинг» орталығында балалар кітапханасының ұйымдастыруымен ұлттық рухымызды дәріптеу, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының балалық және жастық шағы, өскен ортасымен таныстыру, шығармашылығын сүйіп оқуға, қадірлеуге, асыл мұрасындай есте сақтауға баулу, жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып, адамгершілік, еңбек, имандылық тәрбие беру мақсатында «Мәңгілік елдің Ұлы Абайы» атты Абай оқулары өткен-ді.

Оған Д.Төленов атындағы мектеп-гимназияның 4-сынып оқушылары қатысты. Кітапхананың балалармен жұмыс жөніндегі орынбасары З.Енбаева шараны ашып, бұл Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында өткізіліп отырғанын, қазақтың жазба әдебиетінің атасы Абай есімі халқымыздың ұлттық санасының оянуы мен рухани жаңғыруының, қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылысы, әлеуметтік әділдіктің символы ұлы ақын, дана ойшыл екенін айтып, Абай өлеңдерін оқуға шақырды. Кітапханашы Ж.Сарина ақын өлеңдерінің тақырып- тарына тоқталса, оқушылар Ж.Сүлейменова, І.Манаш «Әсемпаз болма әрнеге», М.Төлеміс «Жаз», Ә.Орын «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Оқушылар І.Қабылжан, Т.Мұрагелді көрсеткен «Шегіртке мен құмырсқа» мысалы бойынша көрініс те әсерлі шықты. Шара барысында балалар инновациялық сөйлейтін қалам арқылы «Даналық әліппесінен», «Нақыл сөз» кітабынан Абайдың 31 қара сөзін, «Халық әні» кітабынан «Желсіз түнде жарық ай» әнін тыңдап, рухани жан азығын алды.

«МЕН БІР ЖҰМБАҚ АДАММЫН ОНЫ ДА ОЙЛА!»

Ұлы ақынға арналған «Адамзаттың Абайы» тақырыбындағы кітап көрмесі де атап өтуге тұрарлық. Көрмеге халқымыздың дана да дара кемеңгері, ұлы ойшылы Абайдың қара сөздері, «Қазақ әдебиеті кітапханасы» сериясы бойынша Г.Бельгердің құрастыруымен «Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла!», «Мақсатым-тіл ұстартып, өнер шашпақ», «Өкінішті көп өмір кеткен өтіп...», «Сен де бір кірпіш дүниеге» т.б шығармалары қойылыпты. Ұлы ақынның шетел тілдеріне аударылған еңбектері де оқырман қауым назарына ұсынылды. Атап айтқанда олар: «Библиотека журнала «Аманат» сериясы бойынша жарық көрген ABAI «Book of words», жазушы Г.Бельгер құрастырған «Двадцать стихотворение на трех языках», корей тіліндегі шығармалары қойылды. Кітапханашы Г.Есқалиева «Адамзаттың Абайы» кітап көрмесі мен «Абайды оқы, таңырқа!» слайдын байланыстыра отырып, 1,2 бөлімдерде ойшыл, дана Абайдың өмірдерегі мен шығармашылығына арналған кітаптармен таныстырды. Үшінші бөлімде «Ұлы Абай ұнатқан кітаптар», ақынның «Оқырман формулярында» жазылған, ақын оқыған кітаптары туралы айтылды. Ал төртінші бөлімде ақынға арналған библиографиялық құралдарға тоқталды. Кітапханашы Ұлы Абайдың айтпақ ой-өсиеті «Ғылым-білімге неғұрлым ертерек, бала кезден ден қойсаңдар, кейін өкінбейсіңдер. Балғын шақтарыңда оқыған кітап, алған білім тасқа басылғандай мәңгі-бақи естеріңде қалмақ» дегенді меңзейді деп, балаларға «Абай қай жылы, қай жерде туды? Әкесінің аты кім? Абай қай рудан шыққан? Анасының, әжесінің аттары кім?» деген симультативті викториналық «Жұлдызды сағат» ойынын өткізді.

Сынып жетекші Г.Шәукенова Тәуелсіз Қазақстан елі әлемдік өрке- ниет көшіне жол тартқан та- рихи кезеңде хакім Абайдың асыл мұралары болашаққа жол бастап, темірқазық болып отырғанын, артына өлмейтұғын із, сөз қалдырған ұлы ақынның шығармаларын кейінгі балалардың көкірегіне тоқып, көңіліне шамшырақ етіп алары сөзсіз екенін, осындай шаралардан балалар көп мағлұмат, ақпарат жинайтынын айтып, кітапханашыларға алғысын жаудырды. Аудандық кітапхананың әдістемелік-библиографиялық бөлім меңгерушісі К.Су- ханғалиева шараны қорытындылап, барлық қатысушыларға ризашылығын білдіріп, сый-сияпаттар ұсынды.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521