Шатырда ойнаған бала

Сынып жетекшілер сынып сағатында орын алған жайттар жөнінде мәселе қозғап, олардан сақ болуға шақырды.

Оқушылардың жалпы жиналысы мен ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып, онда мектеп директоры О.Өтебаев Маңғыстау облысында орын алған қайғылы қазаны, Астана қаласындағы қараусыз қалған құрылыс нысанында болған оқиғаларды мысалға келтіріп, балаларға, ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы өмір қауіпсіздігі мәселелеріне немқұрайлы қарамауды ескертті. Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінде «Қауіпсіздік –басты мәселе» бірыңғай сынып сағаты өтті. Сынып жетекшілері оқушыларға қауіпсіздік ережелері туралы бейнеролик көрсетті. Тұрмыста газ плитасын, электр тоғын пайдалану жайы да әңгімеге арқау болды. Қауіпсіздік ережесі туралы үш топ болып жарысты. Бірі жол қауіпсіздігін, екіншісі, үйдегі қауіпсіздікті сөз етсе, үшіншісі, табиғат аясындағы қауіпсіздік ережелерін қалай сақтау қажет екенін еске салды. Мұғалім қауіпсіздік техникасы ережелері, тазалық-гигиеналық талаптар туралы да сөз қозғады.

Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы айтуды ұмытпады. Ақтоғай орта мектебінде 7 сынып жетекшісі Г.Нұрышева «Шатырдағы балалар...» бейнеролигі арқылы шатырға шығудың қауіпті екенін, оған тыйым салынатынын айтса, 8 сынып жетекшісі Ғ.Каныкомов сынып ұлдарын мектеп жанында жүріп жатқан құрылыс алаңына апарып, тоқты дұрыс пайдалану, адам өміріне электр тоғының тигізетін әсерін көрсете отырып, айтқаны, қауіпсіздік шараларымен таныстырғаны көкейге қонымды болды. Шаруашылық меңгерушісі 9 сынып оқушыларына ғимараттардағы электр желісінің орналасуы, электр розеткаларын пайдалану тиімділігі, ашық тоқ көздерін ұстамау, кабельдерден өрт шығу мүмкіндігі туралы баяндады. Техникалық қауіпсіздік туралы А.Ташекенов таныстырса, медбике А.Сейітқалиева тоқ тартқан кездегі тыныс алу жолдары, есту, көру мүшелерінің жұмысы, күйік шалғандағы алғашқы көмек көрсету жолдары туралы айтып, түсіндірді. Қ.Қалыбеков атындағы Сарытоғай орта мектебінде жазғы демалыс қарсаңында кәмелет толмағандардың өмір қауіпсіздігін сақтау, қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында мектепішілік оқушылар жиынында апта сайын түсінік жұмыстары жүргізілді. Барлық сыныптарда «Қауіпсіздік-маңызды мәселе» тақырыбында сынып жетекшілер бірыңғай сынып сағаттарын өткізіп, балаларға электр қауіпсіздігі ережелерін сақтау, құрылысы аяқталмаған ғимараттарға бармау, өрт қауіпсіздігі, өз бетінше Жайық өзеніне, басқа жерлерге бармауды түсіндірді.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT