Халық мұғаліміне арналды

Алға орта мектебінде зейнеткер ұстаз Құсиын Айтқалиев ағамызға арналған кеш ұйымдастырылды.

Кешті бастауыш сынып оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі Нағыметова Салиха кіріспе сөзбен ашты.

-Ұстаздың шексіз тағылымынан туған әдебиетті сүюді ерекше үйренесің. Осы сүйіспеншілік ақ қанат арман жолына бастайды. Құсиын ағайдың «Абай жолын түсіндіруі-өте ерекше құбылыс. Абай заманына асықпай талдау жасап, мысалдар арқылы оқушының көз алдына мезгіл суреттерін әкеліп қоятынына, бар баладан роман-эпопеяны түгел оқуын талап ететініне, оны күн сайын қадағалап отыратын, өзі де «Абай жолы» романынан үзінді келтіріп айтатын еді. Міне, біз осындай талап қоятын, туған жерін шексіз сүйген, үлкенге ұлағатты, кішіге қамқор бола білген, кеудесі алтын сандық дерлік ақылдың иесі ағайдан мол тәжірибе жинап, еңбегіміздің жемісін көріп, өзімізде бүгінгі күні ардагер ұстаз атанып отырмыз. Бүгінгі жас ұрпақ сіздерге айтарымыз білімді болыңыздар, ең бірінші адамда жауапкершілік болуы керек.

Одан әрі елге сыйлы, білімді, парасатты ауылымыздың азаматы, Халық мұғалімі бар еңбегін өзіміздің осы мектептің өсіп-өркендеуіне арнаған Құсиын ағамыздың өмірі мен еңбек жолы туралы бейне фильм көрсетілді. Кеш қонақтары Айдын Айтқали, ардагер ұстаздар Малика Нұрғалиева, Аққойқын Алдабергенова ағаймен бірге жұмыс жасаған жылдардағы өз естеліктерін ортаға салды. Мектебімізде «Жақсы ұстаз- шамшырақ, шырағы оның сөнбейді» тақырыбында бұрыш ұйымдастырылды. Келесі кезекте сөз алған мектеп директоры Жумагалиева Нүргүл байсалды да ақыл иесіне мықты денсаулық, әулетіне бақ пен береке, ұзақ ғұмыр тіледі. Кеш соңы сарытоғайлық сазгер Қайыржан Ықсанұлының «Құсиын-Ұстаз аға!» әнімен қорытындыланды.

С.НАҒЫМЕТОВА,

Алға орта мектебінің бастауыш сынып оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз