Сәт сапар саған, жас түлек!

Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінде де «Сәт сапар саған, жас түлек!» атты соңғы қоңырау салтанаты болып өтті.

Алғашқы ұстаздары Айгүл Тәжиева және Людмила Канцевамен, сынып жетекшілері Заида Рахметова және Лена Егізбаевамен бірге ортаға шыққан мектеп түлектері, алтын ұямен қоштасу вальсін билеп, бейбітшіліктің символы ақ көгершіндерді аспанға ұшырды. Оқу үздіктері мен ғылыми жобалар жарысының жеңімпаздары- ның шеруі де көз сүйсінтерліктей болды. 11 сыныпқа қадам басқан мектептің белсенді оқушылары жас түлектерден аманат туын қабылдап алды. Мектеп директоры Ғалымжан Некесов: -Бүгінгі күн кең-байтақ отанымыздың түкпір-түкпіріндегі білім ордаларында өтіп жатқаны мәлім. Біздің мектебіміз де бұл мерекені қуанышпен қарсы алды. Олай дейтініміз, ұстаздарымыз, оқушыларымыз республикалық, облыстық, аудандық білім бәйгелері, сайыстары, жарыстарында да өте жоғары деңгейде көріне білді.

-Бүгінгі мектеп бітіруші жас түлектерді алда үлкен сын күтіп тұр. Барлықтарыңа Ұлттық Бірыңғай тестілеуден абыроймен өтіп, білікті маман атануларыңызға тілектеспін - дей келе мектептің бір топ жас ұстаздарын және «Мөлдір бұлақтан...» отбасылық сайысының жүлдегері Шаштыбаевтар отбасын "Алғыс хатпен" марапаттады. Мектептің бүлдіршін қыздарынан құрылған «Радуга» бишілер тобы «Гүлдер» биін, "Шаттық" балалар ансамблі «Мәңгілік ел» әнін тарту етті. Шара соңында соңғы қоңырау үні сыңғырлады. Бұл міндетті 11 сынып түлегі Мырзабай Ризабек пен 1 сыныптың оқу үздігі Мұрат Мадина атқарып шықты.

Б.СҮЙЕУОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT