Сәбилер сандар әлемінде

«Жауқазын» бөбекжайының «Нұржауған» тобында тәрбиеші Марина Гумарованың ұйымдастыруымен «Биік-аласа, сол жақта-оң жақта, геометриялық пішіндерді ажырату». «1-ден – 3-ке дейін тура және кері санау» атты тәрбиелік шара болып өтті.

Бұл оқу қызметінің басты мақсаты – балалардың ой-өрісін кеңейту, қиял болжамдарын дамытып, қабілеттерін шыңдау, таным өнерін, сөздік қарым-қатынастарын байыту болатын.

Оқу қызметі шаттық шеңберінен басталып, балалардың бір-біріне тамаша көңіл-күй сыйлауымен жалғасты. Одан әрі Абай Құнанбаев атамыздың «Қыс» өлеңімен жалғасып, жұмбақ жасырылып, қазіргі жылдың қай мезгілі екенін біліп алып, әрі қарай сұрақ-жауап әдісі мен оқу қызметін жалғастырып алып кетті. Өз кезегінде Марина апай әмбебап тақтадан тақырыптарға байланысты суреттер көрсетіп, өткен оқу қызметін еске түсірді. Балаларға сергіту ретінде ойындар ойнатылып, санамақ туралы өлең-жыр айту арқылы өткен сабақтағы сандарды еске түсірді.

Кейін балаларға қуыршақ Әйгерімнен көмек хат пен тапсырмалар келді. Балалар тапсырмаларды орындаумен қатар өздерінің геометриялық пішіндер туралы өлеңдер оқыды. Оқу қызметі аяқталуға жақындағанда бүгінгі сабақтан не үйренгендерін сұрақ-жауап арқылы тағы бір қайталап алды. Соңында тәрбиеші балаларды мадақтап, оқу қызметіне жақсы қатысқандарын айтып, балаларға бағалау ретінде смайликтер табысталды. Осындай оқу қызметтері мен ертеңгіліктер әрі қарай да жалғасын таба берсін дегіміз келеді.

М.АКЖИГИТОВА,

ата-ана.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521