Жанаргүл үздік жаңашыл ұстаз

Қ.Ахмедияров атындағы орта мектеп базасында ұйымдастырылған «Жаңа мектепке – жаңашыл мұғалім» тақырыбындағы аудандық жас мұғалімдер байқауында Е.Ағелеуов атындағы орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Жанаргүл Рамазанова бас жүлдеге ие болды.

Байқауға барлығы 16 жас ұстаз қатысты. Жарыстың бірінші бөлімі оқушыларға сабақ өткізумен өлшенді. Бұл бөлімде ерекше әдіс-тәсілдерімен танылған Е.Ағелеуов атындағы орта мектебінің мұғалімі Ж.Рамазанова, Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі А.Сәлімжанқызы, Еңбекшіл негізгі мектебінің мұғалімі Ә.Серікова сынды мұғалімдерді атап өтуге болады. Ал байқаудың келесі бөлімінде уақытқа шектеулі таныстырылым арқылы Қ.Қалыбеков атындағы орта мектебінің мұғалімі А.Сәрсенғалиев, Талдыкөл мектеп-балабақша кешенінің мұғалімі Ұ.Ботпенова, О.Шонаев атындағы орта мектебінің мұғалімі Ұ.Құрманбайқызы, Қосарал орта мектебінің мұғалімі А.Киікбаева есімді ұстаздардың жаңашылдығы мен қиялының шарықтау шегі мен сөйлеу мәнері, өз-өздерін таныстыруда барлық мүмкіндікті пайдалана отырып, өлең мен шығармашылыққа ұласқан ерекше көрініске тәнті болдық. Ал үшінші бөлімде «Жаңа мектепке – жаңашыл мұғалім» тақырыбында эссе жазудан көзге түскен Алға орта мектебінің мұғалімі Қ.Төлеева, Қ.Ахмедияров атындағы орта мектебінің мұғалімі Қ.Әбішева, Жалғансай орта мектебінің мұғалімі Д.Хабижанды атап өтуге болады. Байқау қорытындысында жас мамандар жүлделі орындар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

Ал «Бас жүлдені» жеңіп алған Жанаргүл Аманжанқызының облыстық байқаудан жүлделі орынға ие болатынына сенім артамыз.

Сәнім ҚОШҚАРБАЕВА,

аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521