Махаббат пен шығармашылық педагогикасы

Қазіргі уақытта бала тәрбиелеуде шынайы әлеуметтік сұранысқа сәйкес келетін, уақыт талабына жауап беретін жаңашыл әдістер мен олардың түрлері қажет. Осындай қазіргі жаһандық сұрақтарды шешу барысында мектепке дейінгі білім беру мен тәрбие ерекше рөл атқарады.

Мектепке дейінгі жас – әрбір адамның өміріндегі ең жарқын қайталанбайтын шақ, жеке тұлғаның алғашқы қалыптасу кезеңі, баланың өзіндік тануы мен даралығының қалыптасу кезі. Дәл осы кезде әлеуметтену үдерісі басталады.

Бала адамдардың қарым-қатынасы туралы алғашқы түсінікті үлкендердің арасындағы өзара қарым-қатынасын бақылау арқылы қабылдайды. Олардың тәртібі, өзіне деген, оның қылығына қарым-қатынасы бала тәртібінің бағдарламасын құрайды. Үлкендердің осы үлгісі бойынша ол адамдармен қарым-қатынас жасайды.

Нақты осы кезде баланың адамдар әлемімен, табиғатпен, заттармен байланысы басталады.

Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде қойылған мақсаттардың бірі қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. «Өзін-өзі тану» пәні — баланы жастайынан отаншылдыққа, әдептілікке, достыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке, табиғатты сүюге, отбасын сыйлауға, ұйымшылдыққа үйретеді. Адам бойына кішіпейілдік, сыпайылық, рақымшылық, жанашарлық, сыйластық, тілектестік сияқты қасиеттерді дарыту және өзгелерді қадірлей, сыйлай, құрметтей білу, тыңдай білу, қолынан келгенше адамдарға көмектесу, кешірімді болуды үйрету де «Өзін-өзі тану» пәнінің үлесіне тимек. «Өзін-өзі тану» негізгі мақсатына қол жеткізуге бағытталған құрылымдары «Амандасу рәсімі», «Шаттық шеңбері», «Көңіл күйді көтеру» оқу іс-әрекет қызметіндегі негізгі мазмұны «Сергіту сәті», «Тыныштық сәті»,«Ойын», «Дәйексөз», «Шығармашылық тапсырма» ұжымдық жұмыс, дәптермен жұмыс, жүректен-жүрекке шеңберінен тұрады.

Тәрбиешінің алға қойған мақсаты, баланың бойына ұлттық саналық қалыптасқан, халқының әдет-ғұрпын салт-дәстүрлерін көңіліне тоқыған дені сау, шымыр да шыныққан, сымбатты, халықтың тілін білетін, рухани байлығы мол, жан-жақты азамат тәрбиелеп өсіру- біздің міндетіміз. Осы мақсатта біздің бөбекжайымызда «Өзін-өзі тану» пәні «Ересек» тобында жоспар бойынша жүргізіліп келеді. Балалар зор қызығушылықпен қатысады. Өзін -өзі тану пәнінде балалар өздерін еркін сезініп, өз ойларын ашық айтады.

Балаға Рухани азық беруде «Өзін- өзі тану» пәнінің бөбекжай тәрбиеленушілеріне жеке тұлға ретінде қалыптасуына негіз бола алады.

А.ДАНДЫБАЕВА,

«Алтын-Ай» бөбекжайының тәрбиешісі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT