Раяна "Бас жүлде" иегері

Қазақтың біртуар данышпан ақыны, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік тұлғасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Балбөбек» бөбекжай-бақшасының ересек «Гүлдер» тобында  "Ұлы халықтың - ұлы Абайы" атты көркемсөз сайысы өтті.

Жас ұрпақты ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, оның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтуға үйрету мақсатында ұйымдастырылған сайысқа 16 бала қатысты.

Алдымен шара қатысушылары Абайдың өмір жолы мен шығармашылығынан мағұлмат берген бейнекөрсетілімді тамашалады. бөлімдерден балалар сүрінбей өтіп, өз белсенділіктерін көрсетті.

b

Шара соңында бөбекжай меңгерушісі А.Нұрхиева жеңімпаз болып танылған бүлдіршіндерді құттықтады.

Жоламан Раяна көркем сөз сайысының "Бас жүлде" иегері атанды. Жүлделі 1 орынмен Нұрман Қайсар, 2 орынмен Жетпісбайқызы Айбану мен Ғизатолла Ерке, 3 орынмен Болатқызы Жанерке және Жұмағали Манар,Нұрланқызы Іңкар марапатталды.

Сонымен қатар А.Илан, М.Ринатұлы, Ж.Оралбай, М.Асылбек, А.Жұбан, Р.Бағыт, А.Шаку «Алғыс хатқа » ие болды.

Б.Сапарова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT