Қыс қызықтары

«Алтын балық» бөбекжайының ересектер «Радуга» тобында «Қыс қызықтары» денсаулық мерекесі болып өтті.

«Алтын балық» бөбекжайының ересектер «Радуга» тобында «Қыс қызықтары» денсаулық мерекесі болып өтті.

Мақсаты - мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын нығайту, дененің дұрыс дамуын қамтамасыз ету және салауатты өмір салтын насихаттау.

Топ тәрбиешісі Катерина Кихаева балаларды және көрермендерді бүгінгі денсаулық мерекесімен құттықтады. Алдымен балалар «Көңілді аэробика» әуенімен дене қыздыру жаттығуын жасап, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. «Елочка» және «Снежинка» командаларының арасында бірнеше кезеңнен тұратын топтық жарыста командалар өз атаулары мен ұрандарын таныстырды.

Мереке барысында балаларға қызықты викториналық сауалдар жұмбақтар, ғажайып сәт, спорттық – интеллектуалдық тапсырмалар берілді. Екі команда да ептілік, жылдамдық таныту жағынан тең түсті.

Жарысты балабақша әдіскері Ғ.Базарғали қорытындылап, балаларға дипломдар мен медальдар табыс етті.

Л.КУШАЛИЕВА,

«Алтын балық» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз