Салауатты өмір салты — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет.
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп бекер айтылмаса керек, себебі, дені сау адам – мемлекеттің ең басты капиталы. Денсаулықтың маңызын түсіндіру бағытындағы іс-шаралардың бірі – мектеп-интернат тәрбиеленушілерімен ұйымдастырылған спорттық сайыс.
Тәрбиешілер Б.Құляшова мен Р.Жалмұханованың ұйымдастыруымен тәрбиеленушілер арасында «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» тақырыбында тәрбиелік шара өт ті. Бұл тәрбиелік шараның мақсаты – тәрбиеленушілерді спортқа баули отырып, салауатты өмір салтын ұстануға, тазалыққа үйрету,түрлі дене жаттығуларын жасау арқылы қимыл-қозғалыстарын дамыту, өз денсаулығына күтім жасай білуге тәрбиелеу, зиянды заттардың ағзаға тигізетін әсерін түсіндіру.
Шара барысында тәрбиеленушілер «Денсаулық» және «Тазалық» болып, екі топқа бөлініп, өзара сайысқа түсті. Бірнеше кезеңнен тұратын сайысқа балалар қызығушылықпен белсене қатысып, үздік өнер көрсеткендер мен командалар дипломдармен марапатталды.
Б.ҚҰЛЯШОВА,
Атырау облыстық көмекші мектеп-интернатының тәрбиешісі