«Аққаланың сыйы»

«Қызғалдақ» бөбекжай-бақшасының ересек «Жұлдыздар» тобына шығармашылық білім саласы бойынша музыка пәнінен «Аққала» тақырыбында оқу қызметі өткізілді.

Мақсат – балаларға қыс қызығы туралы түсінік бере отырып табиғатты аялауға, қыс мезгілінің ерекшеліктерін айтып, қысқы ойындарға қызығушылықтарын арттыру. Балалар «Ақша қар» әнінің әуенімен әндете шаттық шеңберін жасап, бір-біріне жылулық сыйлады.

Сұрақ-жауаптар арқылы балаларға қыс мезгілінің ерекшеліктерін түсіндіре отырып, жұмбақ жасырып, қыс туралы тақпақтарын жатқа айтқызу арқылы балалардың ой-өрісін дамытуға мүмкіндік берілді. Балалар музыка тыңдай отырып, жаңа әннің сөзін жаттап, саз әуеніне қосылып айтуды үйренді. Ғажайып сәт кезінде аққала кейпінде кірген Ақмарал апай балаларды ерекше таң қалдырды.

Аққаланың ұйымдастыруымен «Аққала құрастыру» ойынын балалар қызығушылықпен ойнап, аққаланың алып келген сиқырлы сандықшасындағы сыйлықтарын бөлісті. Одан кейін сергіту сәтін орындалып, сұрақ-жауаптар арқылы оқу қызметін қорытындыланып, смайлик тарату арқылы марапатталды.

Б.БЕКІМОВА,

«Қызғалдақ» бөбекжай-бақшасының музыка жетекшісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз