Оқушылар екінші тоқсанды қалай оқиды?

Мектептерде оқу процесі бірінші тоқсандағы режимде жалғасады.

Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облыстық Білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев айтты, деп хабарлайды облыстық Білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Спикер коронавирус инфекциясының әлемде және еліміздегі жағдай тұрақты емес екендігін атап өтті.

«Біз үшін балалардың өмірі қашанда қымбат. Балалардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында Бас санитарлық дәрігердің қаулысын негізге ала отырып, қашықтықтан оқыту жүйесін жалғастырып отырмыз», - деді Сатқан Есенғалиев.

«2020-2021 оқу жылында 134 838 оқушысы бар 196 мектеп жұмыс жасайды. Облыстың жалпы білім беретін мектептерінде оқу жылының 1-тоқсанында оқу процесі 3 бағыт бойынша ұйымдастырылды. Шалғайда орналасқан шағын жинақталған штаттық режимдегі 21 мектепте 1296 оқушы қамтылған. 175 мектепте 108 713 оқушыларға оқу үрдісі қашықтан оқыту технологиясы бойынша ұйымдастырылды. Ал, 164 мектепте 1-4 сыныптың 25 023 оқушысын қамтитын 1887 кезекші сыныптар ұйымдастырылған», - деді Сатқан Ыбырайұлы.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521