«Білім ринг» сайысында «Бас жүлдені» жеңіп алды

Облыстық әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен облыс ұстаздары арасында "Білім ринг" интеллектуалдық сайысы өтті.

Онлайн форматта өткен сайысқа Атырау қаласы мен 7 ауданның командасы қатысты.

Махамбет ауданы атынан қатысып, бақ сынаған команда құрамы: Қызылүй орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Нұрбол Хамзин, Қ.Қалыбеков атындағы Сарытоғай орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Төре Пангерей, Д.Төленов атындағы мектеп-гимназияның математика пәні мұғалімі Айбек Тоқтарбеков, О.Шонаев атындағы орта мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Бұлан Нұрғалиев және Жалғансай орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Қабижанұлы Дархан.

Білім додасының алғашқы турының қорытындымен Мақат ауданының намысын қорғаған команда 22 ұпай, Махамбет ауданы командасы 21 ұпай және Атырау қаласы 15 ұпай жинады. Осылайша екінші кезеңге аталған үш команда өтті.

 - Екінші кезеңде Мақат ауданы Атырау қаласын 5-2-мен жеңсе, біздер қалалық команданы 5-3 нәтижесімен жеңдік. Финалдық бәсекеде белгіленген уақыттың аяқталуына байланысты Мақат ауданы мен біздерге ортақ бір сұрақ қойылды. Сол сұрақтың жауабын біздің команда дәл әрі шапшаң тауып, интеллектуалдық сайыстың бас жүлдесін жеңіп алдық",- дейді Жалғансай орта мектебінің мұғалімі Дархан Қабижанұлы.

⠀ ⠀ Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521