Оқушылар өрт сөндіру бөлімінде

Көкшетау техникалық институтына үміткерлер дайындау мақсатында бастау алған ашық есік күні Махамбет аудандық №4 өрт сөндіру бөліміне Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары қонаққа келген болатын.

Шара кезінде ТЖБ-нің аға инженері азаматтық қорғау капитаны Р.Жақсылықұлы және №4 Өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау аға лейтенанты Е.Аханов оқушыларды бөлімнің тыныс-тіршілігімен таныстырып, бұл жұмыстың ерекшелігі туралы әңгімелеп берді. Сонымен қатар Батыс өңірлік аэроұтқыр қызметкерлері сүңгуір киімдері мен құралдарын таныстырып, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Бөлімнің кезекші қарауылы өрт сөндіру автокөліктеріндегі өрт техникалық жарақтарымен таныстырды және де көмекші автокөлігінде орналасқан «Холматро» авариялық-құтқару құралының жұмыс істеу принципін және мүмкіншілігімен таныстырды.

Оқушылар бұл күні өрт сөндіру автокөліктеріне отырып, жауынгерлік киімді киіп көрді, сондай-ақ, қызметтік жайларды аралап, бөлімнің ішкі өміріне қанықты. Ашық есік аясында оқушылар акт залына өтіп, қарауыл бастығы азаматтық қорғау лейтенанты Д.Үмбет, Көкшетау техникалық институтына оқуға түсу жөнінде толықтай мағлұмат беріп, презентация, видеороликтер көрсетті. Олардың арасында мектепті бітіргеннен кейін осы салада қызмет атқаруға ниет білдіргендер болды. Кездесу соңында бөлім қызметкерлері мен оқушылар өз жылы лебіздерін білдірді.

Е.Аханов,

Махамбет аудандық №4 ӨСБ бастығы,

азаматтық қорғау аға лейтенанты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521