Интернетсіз бір күнім

Облыстық білім беру басқармасының №15-4-10/149 санды хатына сәйкес, халықаралық интернет күніне орай Д.Төленов мектеп-гимназиясында «Мен OFFLINE» республикалық кең ауқымды балалар акциясы өткен-ді.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Н.Сайфуллина, Ж.Жұмаханова 5-6 сынып оқушыларына «Интернетсіз күнді қалай өткіздім?» тақырыбында эссе жазып, өз ойларымен бөлісті. Бастауыш сынып оқушылары «Интернетсіз күнді қалай өткіздім?», «Мен оффлайн» атты суреттер салып, таныстырды. Ал үздік суреттер көрмеге қойылды. 9 сынып жетекшісі Н.Сайфуллина «Интернеттің пайдасы мен зияны» пікірталасын өткізіп, құнды мәліметтер ұсынып, шара соңында интернетке тәуелді болмау керектігі айтылды. 11 сынып оқушылары үзіліс кезінде үнпарақтар таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кітапханашы Ш.Өңешбаева «Кітап оқы, жас өркен!» кітап көрмесімен таныстырып, бос уақытта кітап оқуға шақырды. Жалпы ақпарат балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасына орналастырылды.

Ақтоғай орта мектебінде де «Мен OFFLINE» акциясы өтіп, сурет салып, эсселер жазды. Оқушылармен әртүрлі спорттық ойындар өткізілді.

Қ.Ахмедияров орта мектебінде де акция кең ауқымда өтіп, қысқы марафон, дойбы, тоғызқұмалақ, шахмат жарыстары өтіп, интернетсіз қоғамды ойша пайымдап, сөзбен, суретпен жеткізді. Информатик мамандар интернеттің пайдалы, зиянды жақтарына талдау жасап, сұрақ қойып, пікірлерін тыңдады. Психолог Л.Кенжеғалиева оқушыларға психологиялық кеңестер беріп, салған суреттеріне талдау жасады. «Әлеуметтік желі: зияны мен пайдасы!» бейнебаяны көрсетілді.

A.Текебай.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT