Өнер саласындағы жоғары оқу орындарында оқытушылардың жалақысы өсті

Мәдениет және өнер саласындағы жоғары оқу орындарындағы профессорлық-оқытушылық құрамының жалақысы өсті. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Роза Кәрібжанова айтты.

«Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты 10 оқу орны бар. Олардың ішінде ұлттық мәртебесі бар төрт жоғары оқу орны қамтылған. Сонымен қатар тағы төрт колледж және екі республикалық мектеп-интернат қызметін жалғастырып отыр. Осы 10 оқу орнында шамамен 10 мыңға жуық адам білім алып жатыр. Соның арасында 5 мыңнан астамы жоғары оқу орнында студент атанған», - деді Р. Кәрібжанов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, жаңа оқу жылында мемлекеттік білім беру тапсырысын жүзеге асыру үшін Министрлікке қарасты білім беру ұйымдарына барлығы 2365 білім гранты бөлінді. Оның ішінде балавриатқа 890 грант, магистратураға – 152 грант, докторантураға 23 грант қарастырылған. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарының колледждеріне 200 грант, жалпы колледждерге 300 грант қамтылды. Биыл ашылған Халықаралық туризм және меймандостық университетінің бакалавриатына 800 орын бөлініп отыр.

Комитет басшысы аталған оқу орындары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қарамағына 2014 жылы берілгенін еске салды.

«Мемлекет мәдениет саласын дамытуға, cоның ішінде оның қызметкерлері үшін қолайлы жағдайлар жасауға көп көңіл бөліп жатыр. Үкіметтің қолдауы аясында профессорлық-оқытушылық құрамның жалақысы өсті. Бұл тұрғыда қазір 13-тен 16 жылға дейін еңбек өтілі бар профессор 267 754 теңге алса, 3,5 арттыру коэффициенті қолданылғанда ол 435 373 теңге алады. Осындай еңбек өтілі бар доцентте 243 451 теңге жалақысы болса, енді 395 855 теңге алады. Мұнымен қоса, оқытушыда 210 767 теңге жалақысы болса, 342 711 теңгеге дейін өсті. алатын болады. Аталмыш енгізілген жағымды өзгерістер мәдениет саласының одан әрі өркендеуіне өз септігін тигізе отырып, өнер шыңында жаңа жетістіктерге жетуде мұрындық боларына кәміл сенеміз», - деді Роза Кәрібжанова.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT