Гүлназым ІІІ орын иегері

Аудандық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану» олимпиадасы өтті.

Оған мектептерден 9,10,11 сынып оқушылары қатысты. Балалар мен жасөспірімдерге рухани-адамгершілік білім беру, шығармашылық әлеуетті дамыту, қоғамға риясыз қызмет етуге бағытталған жеке қасиеттерді, жасампаздық белсенділікті көрсету, өзін-өзі жетілдіру мақсатында өткен олимпиаданың аудандық кезеңінде жеңімпаз болған оқушылар облыстық кезеңге жолдама алды.

Облыстық кезеңде тест сұрақтарына сәтті жауап беріп, берілген тақырыптар бойынша терең түсінігі мен ерекше сөйлеу мәдениетін көрсете білген О.Шонаев атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы Есенбаева Гүлназым жүлделі ІІІ орынды иеленіп қайтты.

Оқушылар бойына адами құндылықтарды сіңіруде аянбай еңбек етіп келе жатқан жетекшісі А.Габдулинаның жұмысына тек сәттілік тілейміз.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521