«Жастар жылында» Елбасының 5 әлеуметтік бастамасының аясында қабылданған бағдарламалар жүзеге асыру негізінде «Нұршуақ» бөбекжайында «Жас маман ізденістері мен жетістіктері» атты байқау өткізілді.
Мақсаты – заманауи прогресте мақсатқа жету үшін жас мамандарды үйрете отырып, заман талабына сай болу үшін білімі жоғары, мәдениетті, өзіне деген сенімі мықты, азаматтық айқындамасы орнықты, кәсіптік білімі жоғары, жаңалыққа жаны құмар, тың шешім таба алатын маман болуға дайындау.
Байқауға педагогикалық еңбек өтілі 5 жылға дейінгі құрайтын балабақшаның 20-дан астам жас мамандары қатысты. Байқау нәтижесінде әділқазы алқаларының шешімі бойынша байқау жеңімпазы Г.Лұқпанова «Үздік жас маман - 2019», І орын Ж.Мұстахова, ІІ орындарды А.Сатаева, Қ.Жасбулатова, Қ.Тайшұнақова, А.Назарбаева, А.Идрисова иеленсе, ІІІ орынды Н.Джумабаева, Г.Зейнова, Н.Камзина, С.Қонысова, З.Қалиева, А.Дуйсембаевалар иеленді. Н.Давлетьярова, А.Құмарова А.Өтешқалиева, Ж.Биекенова, Ж.Ашимова, Г.Қаржауова, Г.Сериковалар арнайы номинацияларға ие болды. Бұл байқау жас мамандар үшін ізденіс, тәжірибе алмасу, өз үйренгенімізді ортаға салу, ой бөлісу кезеңі болды.
Аталған жас мамандар сонымен қатар ҚР Тұңғыш Президенті –Елбасы қоры сыйлығының иегері Martebe. Kz білім порталында жас мамандардың біліктілігін арттырып, педагогикалық шеберлігін шыңдау мақсатында ұйымдастырылған ІІІ Республикалық «Жас маман» байқауына қатысып, үздік нәтиже көрсеткен әріптесіміз Н.Бердекеева І дәрежелі дипломмен,С.Наурызбекова, К.Жасбулатова ІІІ дәрежелі дипломмен, Ж.Мұстахова «Жаңашыл маман» номинациясымен, Н.Камзина «Үздік эссе» номинациясымен және барлығы да «Жас маман» төсбелгісімен марапатталды. Қатысқан барлық әріптестеріміз «Алғыс хатқа» ие болды.
А.САТАЕВА, «Нұршуақ» бөбекжайының тәрбиешісі