Дені саудың - жаны сау

«Нұршуақ» бөбекжайының «Ақерке» I кіші тобында тәрбиеші А. Салиеваның ұйымдастыруымен «Дені саудың - жаны сау» спорттық сайысы өтті.

Оған «Достық» «Бірлік» атты ата-аналардан құралған командалар қатысты. Сайыс барысында балалар ата-аналарымен бірге ойындар ойнап, жаттығулар жасады.

«Радуга» тобының тәрбиеші А. Дүйсенбаева ортада сайқымазақ кейпінде би билеп, балалар мен ата-аналарға керемет көңіл-күй сыйлады. Жарыс соңында қатысушы командаларға дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.

Ж.ҒАФУРҚЫЗЫ, ата-ана

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT