Өміріңе немқұрайлы қарама!

Береке орта мектебінде «Бүгінгі қоғамдағы әлеуметтік жағдай және әлеуметтік педагог пен педагог-психологтың бірлескен қызметі» тақырыбында психологтер семинары өткен-ді.

Оған ауданға қарасты 7 мектептен психологтер қатысты. Семинарда психологтер «Сенім-менің серігім», «Мен қандай адаммын?» деген сауалдарға жауап беріп, «Бала психологиясының қалыптасуына отбасындағы психологиялық климаттың әсері», «Бүгінгі қоғамдағы әлеуметтік жағдай және әлеуметтік педагог пен педагог-психологтың бірлескен қызметі», «Күйзеліс жағдайында психологиялық қарым-қатынастың мәні» тақырыптарында ойларын ортаға салды. Отбасының белсенділігін анықтауға арналған сауалнамалар жүргізді. Сыныптың әлеуметтік паспорты, оқушы отбасының материалдық және пәтерлік, тұрмыстық жағдайын тексеруге арналған слайдтар, бейнероликтер көпшіліктің көңілінен шықты. «Күлімдеу мен тілектердің ағашы» акциясы өткізілді. Өзін-өзін бағалау тестілері өткізілді. Семинарды аудандық білім бөлімінің әдіскері И.Нұрланқызы қорытындылап, жеті психологке атап айтқанда Н.Тауова(Қ.Қарашаұлы), С.Хасанова(Алға), М.Орынбасарова(Береке), Қ.Ерғалиева(Е.Ағелеуов), М.Аманова(Қосарал), Ж.Қаз- баева(Еңбекшіл н/м), Г.Орынбасароваға (Талдыкөл) «Алғыс хат» тапсырды.

А.ТЕКЕБАЙ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз