«Қызғалдақ» бөбекжайында «Балапандар» тобында таным білім беру саласы бойынша сенсорикадан «Менің отбасым» тақырыбында ашық оқу қызметі өтті.
Онда текшелер арқылы отбасы мүшелерін салыстыру көп, аз, артық, кем ұғымдарын білуді көздеді. Сабақ шаттық шеңберімен басталып, балалар бір-біріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Бейнеролик арқылы күз мезгілі туралы суреттер көрсетіп, әңгімелеуімен ерекше көзге түсті.
Сонымен қатар балалар күз мезгілінің ерекшеліктері туралы да өз ойларын ашық айта білді. Оқу қызметі барысында балалар өз отбасы мүшелерінің суретін көрсетіп, жанұясында қанша адам тұратынын текшелерді біртіндеп қою арқылы отбасы мүшелерін салыстырып, көп, аз, артық, кем ұғымдарымен танысты. Балалар педагог жетекшілігімен жүргізілетін «Бұл кім?» құрылымдалған «Кім жылдам?» ойындарына деген қызығушылықтары артты.
Отбасы мүшелері туралы көркемсөз оқып, сергіту жаттығуларын қимылмен орындады. Шығармашылық орталығында сурет салудан «Әжейдің қоржыны» тақырыбында балалар қоржынды әшекейлеп, оқу қызметінде қойылған сұрақтарға толыққанды жауап қайтарды. Қорытындысында балалар жақсы қатысқандары үшін жұлдызшамен мадақталды.
А.АЙМАҒАМБЕТОВА,
«Қызғалдақ» бөбекжайының тәрбиешісі