Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы

Елбасының қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегін дәріптеу мақсатында 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне №2 ересек «Сәйгүлік» тобы балаларымен «Елін сүйген-Елбасы!» атты тәрбие сағаты болып өтті.

«Жаса Қазақстан»әнімен балалар көк туымызды асқақтатып,жігерленіп қалға келді.Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалды.Елбасының балалық шақ,отбасы,еңбек жолын түсіну мақсатында «Елбасының өмір жолы»деректі фильмі көрсетілді. «Ағатайым» әнімен А.Дүйсенбай ортамыздың шырайын келтірді.

Балалар Елбасына деген жүрек жарды тақпақтарын айтып берсе, «Тұлпарым» «Сәуле шырақтары» билері көңілді бір көтеріп тастады.Сұрақтар қойылып жауаптар алынды.Елбасына деген құрметпен кітаптардан көрме ұйымдастырылып,таныстырылды. «Отаным Қазақстан» әнін Э.Бағытжан шырқап берді. «Шаңырақ» ойыны ойналып, «Нұр Аға» «Қазақстан бақыты»әндерін тамылжыта шырқады.

Тұнғыш Президентімізді мақтан тұтуға,үлгі алуға,өз елінің патриоты болуға балаларды тәрбиелеу болса,бүгінгі шара осы мақсатымыздың басты дәлелі болды.Балалар көңілді тарасты.

Б.ЛЕКЕРОВА,

«Балдырған» бөбекжай бақшасы тәрбиешісі

Бейбарыс селосы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT