Ұлттық құндылықтар дәріптелді

Жалғансай орта мектебінде «Жасампаз елдің ұрпақтары» апталығы өтіп, онда қазақтың салт-дәстүрлерін дәріптеу мақсатында 2 сынып жетекшісі А.Уахитова, А.Қамзиева «Салт-дәстүрім-байлығым», «Ата-баба өнері-ұрпаққа мұра» сынып сағаттарын өткізсе, 3 сынып жетекшісі А.Үмбетьярова «Отанды сүю –отбасынан басталады» шарасын ұйымдастырды.

5 сынып жетекшісі Л.Бекқалиева «Қазақстан-татулық пен тұрақтылық бекеті» тәрбие сағатын, психолог А.Ашимова, 8 сынып жетекшісі Д.Кушенбаевамен бірлесіп, «Өміріміз-өзімізге аманат» атты дөңгелек үстел ұйымдастырыпты. Оқушыларды имандылыққа, рухани тазалыққа үйрету мақсатында дінтану пәні мұғалімі А.Досқалиева 9 сынып жетекшісімен бірге «Дін-тәрбиенің рухани тірегі» пікірталасын өткізуімен есте қалды.

Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінде де апталық өтіп, «Ұлттық құндылық ұрпақ игілігінде» тақырыбында көрме жасақталды. Оған оқушылар жасаған қолөнер бұйымдары, суреттер қойылды. Аудандық «Жас Ұлан» ББЖҰ форумына қатысқан жасұландықтар ІІІ дәрежелі дипломмен, бейнеролик жасағандар «Алғыс хат» иеленген болатын. Мектеп кітапханашысы Р.Жарылғапқызы «Дін-тәрбиенің рухани тірегі» тәрбиелік шарасын ұйымдастырған-ды. Бастауыш сынып оқушылары арасында «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» спорттық сайыстары өткен.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521