Сандар әлеміне саяхат

Қ.Қалыбеков атындағы Сарытоғай орта мектебінде «Сандар әлемі» тақырыбында математика және информатика апталығы өтті.

«Сандар әлемінде» тақырыбында З.Рахимованың ұйымдастырумен кітаптар көрмесі жасақталып, дәлізде «Сандар қалашығы» атты әдемі сандар сиқыры көрермендердің көзайымына айналды. «Цифрлық Қазақстан» стенді жасақталып, онда «Цифрлық саясат», «Ақпараттандыру», «Цифрлық экономика» салалары бойынша нақты ақпараттар мен деректер берілді.

«Көшбасшылар» күні «Цифрлар құпиясы» тақырыбында 10 сынып оқушыларының қатысуымен мазмұнды да сәтті шықты.

5 сыныптар арасында өткен «Математика көшбасшылары» тақырыбындағы интеллектуалды шоуы қызықты да мағыналы өтті. Бұл шараны жүргізген С.Оңғаров мен А.Садықова жақсы көрнекілік пен мазмұнды дайындап, сайыс соңында оқушыларды марапаттап, «Танымдық ойындар күні» ата-аналармен бірге «Брейн ринг» зияткерлік ойыны мектебіміздің информатика пәні мұғалімі С. Айымбектің ұйымдастыруымен өтіп, шарада тікелей интернет желісінен мәліметтер алу қамтылды.

6 сыныптар арасында «Математика әлеміне саяхат» тақырыбында білгірлер сайысына жауапты оқушылар У.Маженова мен М.Нұртазаев тыңғылықты дайындықпен келіп, математикалық фокустармен сандар құпиясы туралы мәліметтер ұсынды. Үзілістерде түрлі шырпымен логикалық ойындар ойнатылды. Бұл күн ғылыми жобаны К.Каримова мен Н.Хайдаров «7 саны киелі сан» тақырыбында таныстырылымдарын қорғаумен басталды.

«Шығармашылық күні» жалғасын ардагер ұстаз С.Альпияровтың іс-тәжірибесін тарату шарасымен жалғасын тапты. Ұстаздың көп жылдық еңбегінің марапаттары мен жетістіктерінің бұрышы жасақталды, өмірбаянынан деректер таныстырылым бойынша көрсетілді. Сыр-сұхбат ретінде өткен басқосу мазмұны терең, естеліктерге толы болды.

«Ашық сабақтар» күні О.Насиғоллақызының «Сан аралықтары» тақырыбындағы ашық сабағында Bilimland.kz сайтынан тапсырмалар берілді. С.Айымбектің «Алгоритмді сөз түрінде ұсыну» сабағы үш тілде өтті. А.Телеуғалиеваның «Жолдық шамалармен жұмыс» тақырыбы негізінен бағдарлау(программалау) бөлімі практикалық тапсырмалармен жүргізілді. Аталған сабақтарда оқушы қажеттілігіне сай саралау тапсырмалары, табыс критерийін анықтауда қалыптастырушы бағалау тапсырмаларында тиімді кері байланыстар берілді, тәжірибе алмасты.

8 сынып оқушылары арасында «Математика жұмбақтары» тақырыбында Ж.Абдолова мен М.Меңдіғалиев ұйымдастыруымен өткен сайыс қызықты есептер, ойындар, логикалық сұрақтарға толы болды. «Әдістемелік күн» болып жос- парланып, осыған сәйкес жұмыстар жүргізілді. Ата-аналарға «Сұрақ-жауап» бұрышы жасақталып, балаға қажетті қолдау көрсету мен көмектесуге кеңестер парағы ілінді. «Оқушы жетістігін бағалаудың маңызы» тақырыбына «Стикер диалог» жүргізіліп, нәтижелі кері байланыс болды. Апталықтың соңында көпшілік назарын аударған ұстаздар мен оқушылар арасында «Қызық екен» бағдарламасы өтті. Қызықты тәжірибе бөлімінде оқушылар қызығушылығы мен белсенділігі басым болды. «Ұлттық ұғым», «Қымбат тауар» бөлімдерінде топтар арасында қызу тартыс, ұтымды пікірлер, ұшқыр ойлар көрініс тапты.

Апталықта оқушы мен мұғалім арасында тығыз байланыс болып, жаңғыру, жаһандану кезеңінде математика және информатика пәндерінің алда тұратыны байқалып-ақ тұрды.

А. ҚАЛИЕВА,

Қ. Қалыбеков атындағы Сарытоғай орта мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT