Жалғансай ауылдық кітапхана филиалы мен орта мектеп кітапханасы бірігіп, А.Байтұрсыновтың 145 жылдығына орай «Ұлттың Ұлы тіні» атты портрет кешін өткізді.
Кешті ашқан ауылдық кітапхана филиалы меңгерушісі Клара Дүйсенқызы ақын өмірі мен шығармашылығына тоқталды. Одан әрі «Ұлтымыздың ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» тақырыбында мектеп кітапханасы меңгерушісі Г.Отарова бейнекөрініс арқылы библиографиялық шолу жасады.
Ақын өлеңдерін оқырмандар Г.Ибраш, А.Дүсіпқызы, М.Наукен, А.Биғали, мұғалім Д.Қабышевалар мәнерлеп, нақышына келтіре оқыды. Кеш барысында тіл маманы А.Досқалиева өз пікірін айтып, кештің өтуіне ризашылық сезімін білдірді. Оқырмандар «Маса» және «Әліппе» атты екі командаға бөлініп, «Байтұрсынов әлемінде» атты зияткерлік ойын ұйымдастырылып,ойынды мектеп тәлімгері Б.Жұмағазиева жүргізді.
Сонымен қатар кеште «Ұлттың Ұлы тіні» атты кітап көрмесі шығарылып, кітапханашы К.Дүйсенқызы ақынның бата-тілек, нақыл сөздері туралы кеңінен толғады. Осы кешке қатысып, белсенділік танытқан оқырмандарға «Алғыс хаттар» табысталды.
К.КӨПТІЛЕУОВА, ауылдық кітапхана филиалы меңгерушісі.