«Балдәурен» есігін айқара ашты

Қ.Ахмедияров атындағы орта мектеп жанындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагері 1-10 маусым аралығында балаларды қабылдап, өз жұмысын бастады.

Алғашқы күн «Танысу» деп белгіленіп, келген демалушылармен танысу тренингтер, достық шаралары өтті. Екінші күн «Қауіпсіздікте» балалар қауіпсіздік ережелерімен таныстырылып, қауіпсіз орта туралы мағлұматтарға толық қанықты. Үшінші «Салауатты өмір салтында» тынығушылар спорттық шаралармен қамтылып, дәрігерлік кеңестер алды.

t

t

Тынығушылар «Көшбасшылар мектебінің» ұйымдастыруымен өткен эстафетаға белсенді қатысты. Төртінші күнде өнерде балалардың өз бойындағы өнерін көрсету бағытында «Балдәурен дауысы», «Ән мен әнші», т.б шаралар ұйымдастырылып, «Туған жерім-табиғатың қандай көркем» тақырыбында сурет салып, өзара сайысқа түсті. Бесінші күн «Ертегі әлемінде» түрлі ертегілер қойып, мультфильмдер көрсетілді. Өздері ұнататын ертегілерді бейнелеп, қуыршақтарды сөйлету көрермендерге қойылым қойды. Алтыншы күнде үйірмеде ағылшын тілі, қолөнерден, дойбыдан үйірмелер ұйымдастырылып, балалардың қызығушылығы таңдалды.

t

t

t

Ағылшынша ойындар ойнап, қолөнер үйірмесінде балалар қағаздан түрлі бұйымдар жасады. Би үйірмесінде әртүрлі билер үйреніп, оны билеуден жарысқа түсті. Жетінші «күлкі күнінде» балалардың ізденімпаздығын, бейімділігін танытқан қызықты шаралар оздырылды. Әзіл ойындар «Көңілді тапқырлар алаңында» көрініс тауып, орынды әзіл мен ұтқыр жауаптары көрермендер көңілінен шықты. Сегізінші күн «Білімпаздарда» зияткерлік ойындар мен мақал-мәтел айтысы қызықты да тартысты өтті.

t

Балалар өзара білім алмасып, бір-бірінің тапқырлықтарымен тамсантты. «Квест» интеллектуалды ойынында балалардың білімдерін жинақтау, олардың ой жүйріктігін дамыту мақсатында жаңашыл ғылым мен техника жетістіктерін айқындайтын сұрақтар беріліп, оған балалар белсенді қатысты. Тоғызыншы «Саяхат» күнінде Астана, Атырау қалаларының тарихына шолу жасап, бейнебаяндар көрді. Атырау облыстық мұражайына барып, жәдігерлерді қызықтады. Атырау қаласының көрікті жерлеріне саяхат жасалды. Оныншы күн «Қош бол, сүйікті Балдәурен!» салтанатты жиынмен, ойындармен, ән мен жырға, арнау өлеңдерге құрылған шараларға ұласты.Тынығушылар күнделік жазып, тілек жазған қолтаңбаларын бір-біріне сыйлады. «Менің сүйікті тәрбиешім» тақырыбында эссе жазып, көңілді өлең жолдарын арнап, алған әсерлерімен бөлісті.

А.Қуанышқалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT